Жетісай шекара жасағы «Целинный авто» өткізу бекетінде шекарадан 3 550 дана ондатр терісін заңсыз өткізбек болған екі Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл жайлы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Контрабандашылар жүкті «Нексия» маркалы екі автомобильге тиеп келе жатқан. Шекаралақ кеден қызметінде тексеру кезінде машиналарда ірі контрабанда партиясы бар екені анықталған.
Факті туралы тиісті органдарға хабар берілді.