Қазақстандық туристерге Түркия мен Германияда сақ болуға кеңес берілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, 20 желтоқсанда Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кеткен болатын. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды. Deutsche Welle басылымның мәліметінше, оқиға орнын полиция қоршауға алған. Мұнда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келген. Жергілікті БАҚ-тар адамдарды қаққан жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлап отыр. Ал Washington PostИрактағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тың бұл қылмысты өз мойнына алғанын хабарлады.
Марат Иғалидің айтуынша, ҚР СІМ Департаментіне қазақстандық туристердің зардап шеккені жайлы мәлімет түспеген. "ҚР СІМ Туризм индустриясы департаментіндегілер Германия аумағында жүрген қазақстандық туристерге абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және адам көп жиналған жерлерде жүрмеуге кеңес береді", - деп жазды Марат Иғали.
Сондай-ақ, 19 желтоқсанда Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.