19 қыр, 2019 сағат 13:11

Қазақстандықтарға бүгіннен бастап салық төлемдері туралы хабарлама жіберіледі

Бүгіннен бастап қазақстандық салық төлеушілер мүлік, жер және көлік құралдары бойынша алдағы салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы телефондарына (смартфондар, телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады. Бұл ескертулерді алу үшін азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильді базасында нөмірін тіркеу қажет. egov.kz электронды үкімет порталының «Қызметтер» бөліміндегі мобильді азаматтар деректер базасында тіркеуде бар жоғыңызды тексере аласыз», - делінген министрлік хабарламасында.