22 жел, 2023 сағат 16:39

Қазақстандықтарға Астанаға көшуге шектеу қойыла ма - әкім жауабы

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен елордаға өңірлерден азаматтардың көшуі шектеле ме деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Унитарлы мемлекетпіз, Астанаға көшетіндерді шектеу, ондай сұрақтар болуы мүмкін емес. Бұл - барша қазақстандықтың астанасы, олардың мұнда келуге құқығы бар. Жалғыз жауап осы болуы мүмкін", - деді Қасымбек журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Әкімнің айтуынша, Астана инфрақұрылымына байланысты көші-қон ағынына дайын емес.

"Расында, коммуналдық-тұрмыстық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша көші-қон қарқынынан белгілі бір артта қалу бар, сондықтан қазір тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Жоғарыда айтылғандай, мектептер мен медициналық мекемелердің, мектепке дейінгі білім беру нысандарының көптеп салынуы. Бүгін осы мәселеге қатысты мәселелердің барлығы дерлік көтерілді, сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының құрылысы: жылу, су, электр энергиясы және т.б. Сондықтан, бұл мәселелерді жедел шешуге тырысамыз", - деді Қасымбек.