31 там, 2021 сағат 12:30

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда инвестицияланған?


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 821,5 млрд теңге. Оның ішінде ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлікпен басқарушы ретінде 2021 жылдың басынан бері түсірген инвестициялық табысының мөлшері 821, 40 млрд теңге болды. 

2021 жылдың 1 тамызына ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ активтері 12 811,56 млрд теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша берілген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 966,95 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 38,77%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Жыл басынан бері портфельдегі МБҚ үлесі 12% аса көлемге азайды.ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,1%, АҚШ долларында жылына 4,2% болды.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 749,38 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі – 13,65%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 193,86 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 9,32%. БЖЗҚ-ның портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,2%.

- 1 069,10 млрд теңге (8,34%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%.

- 1 239,35 млрд теңге (портфельдің 9,67%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 51,78 %.

- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,2%, АҚШ долларында – 31,74%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.