Биылғы жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін 31 338 азамат пайдаланып үлгерген. Олар 295,3 млн теңге салық төлеп, 64,1 млн өсімпұл есептен шығарылды.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады .
Ең белсенді өңір рейтингінде Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Салықтық рақымшылықты 10 мыңнан аса елордалық пайдаланып үлгерген.
Ал, төленген берешек сомасы бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Оңтүстік мегаполис тұрғындары 75,6 млн. теңге салық төледі. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы үштікті Түркістан обл. (35,1 млн.) және Алматы обл. (34,2 млн.) түйіндеп тұр.
Есептен шығарылған өсімпұл көрсеткіші бойынша Алматы қаласы алда. Қала бойынша бұл сома 18,4 млн. теңгеге жеткен. Жойылған өсіпұл көлемі 17,7 млн. теңгені құрап отырған Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында. Ал, Маңғыстау облысында 4,5 млн.теңге өсімпұл есептен шығарылған. Сонымен қатар, Қостанай облысының тұрғыны көлік салығы бойынша 1,4 млн.теңге көлемінде негізгі берешек сомасын өтеп, 1,07 млн.теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды. Мүлік салығы бойынша жинақталған 1,2 млн.теңге берешекті Алматы қаласының тұрғыны өтеген. Есептен шығарылған өсімпұл – 429 мың теңге. Ақтөбе облысында жер салығы бойынша берешегі бар азамат 51 мың теңге салық төлеп, 43 мың теңге өсімпұлдан босатылды. |
|||
МКО атауы |
Жеке тұлғалар саны |
Төленген бересі сомасы, теңге |
Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы, теңге |
Ақмола облысы |
1 300 |
6 047 170 |
877 423 |
Ақтөбе облысы |
649 |
8 620 713 |
1 140 036 |
Алматы облысы |
1 102 |
34 277 125 |
2 281 891 |
Атырау облысы |
1545 |
10 416 466 |
1 274 833 |
Шығыс Қазақстан облысы |
1 083 |
14 170 859 |
971 631 |
Жамбыл облысы |
472 |
6 633 157 |
777 824 |
Батыс Қазақстан облысы |
2 696 |
17 567 651 |
1 985 116 |
Қарағанды облысы |
1 528 |
9 764 696 |
2 221 457 |
Қостанай облысы |
901 |
9 740 567 |
1 801 492 |
Қызылорда облысы |
427 |
9 572 501 |
830 976 |
Маңғыстау облысы |
436 |
16 737 745 |
4 544 083 |
Павлодар облысы |
3 365 |
12 308 386 |
3 854 233 |
Солтұстік Қазақстан облысы |
264 |
4 484 033 |
459 121 |
Түркістан облысы |
2239 |
35 164 162 |
2 087 629 |
Шымкент қаласы |
226 |
10 024 295 |
2 884 365 |
Алматы қаласы |
2 934 |
75 599 712 |
18 408 700 |
Нұр-Сұлтан қаласы |
10 171 |
14 236 000 |
17 730 927 |
Қорытынды |
31 338 |
295 365 239 |
64 131 737 |
Айта кетейік, Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
«Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады. Болжам бойынша, 2020 жылы салық рақымшылықты шамамен 1,2 млн. азамат пайдаланады, яғни бюджетке 12,7 млрд. теңге төленеді, есептен шығарылатын өсімпұл сомасы – 4,3 млрд. теңгені құрайды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, с алықтық берешегінің бар-жоғы екендігі туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы мына сілтеме арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.