Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті жеке сот орындаушыларына алымды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздыққа тап болмау үшін азаматтарға салық қарыздарын төлеуге кеңес берді.
«2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: мүлік салығы бойынша – 2,9 млрд теңге (756 мың борышкер), жер салығы бойынша – 0,3 млрд теңге (159 мың борышкер)», - деп атап өтеді комитеттен.