Арнайы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендігін білдірген. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зерттеуге 200-ге жуық әлеуметтанушы мен 12 талдаушы қатысты. Олар осы күзде республикалық маңызы бар 3 қалада, 14 облыс және 143 аудан орталығында сауалнама жүргізді. Әдістеме Transparency International-дің екі жаһандық зерттеуіне – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі мен қоғамдық дискурстағы сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігін бағалайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне негізделген», - деп атап өтті Ольга Шиян.
Оның айтуынша азаматтардың 37,4%-ы және кәсіпкерлердің 45,9%-ы соңғы жылы сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетті. Респонденттердің 11,3%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған (2019 жылы 13,4%). ШОБ өкілдерінің 8,2%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде мәселені бейресми жолмен шешу қажеттілігіне тап болған (2019 жылы 9,2%).
«Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі атап өткен жөн: сұралған кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға әбден болады деп есептейді. Азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірінше, Президент (70%), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (63% және 65%), Үкімет (59% және 62%), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (55% және 59%) және «Nur Otan» партиясы (53% және 55%) барынша сенімге Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді», - дейді ол.