03 там, 2022 сағат 12:23

Қазақстандықтардың 1 пайызынан астамы аштықты сезінеді

Фото: Tengrinews.kz 

Ақшаның жоқтығынан бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған қазақстандықтардың үлесі 1,3 пайызға дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы наурызда жүргізген "Халықтың өмір сүру сапасы" зерттеуінің нәтижесі бойынша ақшаның аздығынан азық-түлік жетпей қалады деп қорқатын респонденттер үлесі 5,7 пайыз болған. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген (2021 жылы - 6,6 пайыз, 2019 жылы - 7,1 пайыз). Сонымен қатар, бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар үлесі бір жылда 3-тен 4 пайызға дейін өскен.


Сонымен қатар, кейінгі бір жылда ақша тапшылығына байланысты бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған респонденттер үлесі бір жылда 0,5-тен 1,3 пайызға дейін өскен. Респонденттердің тағы 2,6 пайызы жауап беруге қиналған.

Қалада ауылдық жерлерге қарағанда (5,9 пайыз) азық-түлікке қаражат тапшылығы көбірек алаңдатады. Оған әйелдер көбірек алаңдайды - 6,2 пайыз.


Қызметкерлер арасында респонденттердің 5,5 пайызы ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеуіне байланысты азық-түлік тапшылығына алаңдайды, ал жұмыссыздар арасында - әрбір оныншы респондент.


Қаржы тапшылығынан аштықты сезгендер арасында жұмыссыздар басым - 4,1 пайыз. Жас тобы бойынша 39 бен 48 жас аралығында - жоғары.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша, азық-түлік бағасы бір айда 1,9 пайызға өссе, жыл басынан бері бірден 15,7 пайызға қымбаттаған. 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік бағасы бірден 19,2 пайызға өскен.