24 там, 2020 сағат 13:40

Халықты 1 млрд теңгеге алдап кеткен әйел Қазақстанға жеткізілді (Видео)

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қол жеткізді. 

Ол «Questra World» ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталуда. Ольга Клейнард еліміздің аумағында алаяқтардың әрекетіне жетекшілік етті. 

Алаяқтық салдарынан мыңдаған қазақстандық алданып, келген шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Ол Беларусь Республикасының аумағында ұсталды. 

Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті азаматша тергеу изоляторларында.