Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған екінші рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
"Қазақстан азаматтарына жіберілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақытымен 10:13-те ұшты. Катовице әуежайына қонатын болжамды уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен 14:19", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанның 175 азаматы отырған ұшақ 28 ақпанда сағат 22:30-да Алматы әуежайына қонды. Алғашында ол 26 ақпанға қараған түні келеді деп жоспарланған еді. Әуежайда қазақстандықтарды туыстары қарсы алды. Көбі гүл шоқтары, шарлармен келді, кейбіреуі эмоциясын ұстай алмай, жылап қауышты.