24 мам, 2022 сағат 14:54

Қазақстандықтарды электршокермен ұрған: СІМ оқиғаға қатысты пікір білдірді


Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандық полицилер қазақстандықтарды электрошокермен ұрған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды реттеу үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желіде Өзбекстанның құқық қорғау органдары біздің азаматтарға электрошокер қолданып жатқаны туралы видео тарағанын көрдік. Өзбекстан тұрғындары бұл жағдайды қызу талқылап жатыр", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Ведомство жағдай бақылауда екенін айтты.

"Қызметтік тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Біз тек азаматтарымызды қорғаудың бір бөлігін ғана қадағалап отырмыз", - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Самарқандта тәртіп сақшылар Қазақстаннан келген туристерді ұстап, электрошокермен ұрған болатын. Ішкі істер министрлігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.