31 нау, 2022 сағат 11:04

Қазақстандықтар Рамазан айында ішімдікті аз ішеді



DataMetrics мәліметі бойынша қасиетті Рамазан айында Қазақстанда алкаголь өнімдерін сату күрт азаяды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2021 және 2020 жылдары Рамазан сәуір мен мамыр айларына дөп келді де, алкоголь өнімдерінің саудасы сәуірде сәйкесінше -1% және -13% болды. Алайда ораза аяқтала салысымен алкоголь өнімдерінің саудасы айтарлықтай өскені, яғни сәйкесінше +9% бен +37%-ке жеткені анықталды.
"2018 бен 2019 жылдардың сәйкес айларында мұндай қарқын байқалмайды, бұл алкогольді өнімдер сәуір мен мамырда көп өтеді дегенді жоққа шығарып отыр", - дейді аналитиктер.
2022 жылы қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 30 күнге созылады. 2 мамыр – Ораза айт.