Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.