Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 миллиард доллар болды, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі - 2,7 миллиард доллар, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі - 10,2 миллиард доллар.
"Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 58,5 пайыз немесе 6,0 миллиард доллар болды (2022 жылғы қаңтарда - 65,8 пайыз немесе 4,9 миллиард доллар), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты", - делінген хабарламада.
2022 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 292,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған. Ұлттық банк мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 3,4 пайызға өскен (2022 жылғы қаңтарда - 282,8 миллиард теңге), 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (184,9 миллиард теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,6 есе ұлғайды.
"Шығыстардың негізгі көлемі 197,7 миллиард теңге немесе 67,6 пайыз - АҚШ долларын, 75,4 миллиард теңге немесе 25,8 пайыз - Ресей рублін, 19,1 миллиард теңге немесе 6,5 пайыз - еуроны сатып алуға бағытталды. Валюта түрлері бойынша бөлгенде бір айда доллар сатып алуға арналған шығыстар 10,5 пайызға өсті (өсу 1,7 есе), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 6,8 пайызға төмендеді (өсу 1,6 есе) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 15,5 пайызға төмендеді (төмендеу 10,7 пайыз)", - делінген хабарламада.