22 шіл, 2021 сағат 15:44

Қазақстандықтар 43 мың ескі банкноты айырбастады


12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі басталған еді. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар жалпы сомасы 113 млн теңгеден асатын 43 385 банкнотты айырбастады деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің басым бөлігі Алматы (19,4%), Нұр-сұлтан (11,7%), Қарағанды облысының (7,2%) тұрғындарынан түсті. Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесін – номиналы 500 теңгелік банкноттар (43,7%) құрайды. 

Айта кетейік, айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ешқандай да шекті мерзімге қарамастан ҚҰБ-тың аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және оларды барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны ҚҰБ филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен «Қазпошта» кеңселерінен де айырбастап алуға болады.

Айналымнан алынған банкноттарды 3 жыл өткен соң ҚҰБ филиалдарында мерзімсізайырбастауға болады.