Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Братислава (Словакия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы доданың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда нидерландылық Сандер Арендс – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қарсыластары да осал емес-тін, олар жарыстың 2-ракеткалары болатын.
Недовесов пен Молчанов тартысты өрбіген бірінші партияда тай-брейкте сәтті ойнай білді – 7:6 (7:5).
Екінші сетте олар айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Финалдық матч 1 сағат 7 минутқа созылды.