20 мам, 2020 сағат 06:35

Қазақстандық шекарадан өтерде 50 мыңға жуық долларын декларацияда көрсетпеген

Шекарашылар декларацияланбаған қомақты қаражатты алып өтпек болған азаматты ұстады, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 18 мамырында Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы ҚХР-ға өтіп бара жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Иісшіл иттің көмегімен тәртіп бұзушыдан 49244 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша табылды.

Ұсталған азамат белгіленген тәртіппен «Нұр Жолы» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.