Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 210 кәсіпорнында 2,3 мың жұмыскердің алдында 856,3 млн теңгеден астам жалақы берешегін анықтады.
Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 189 ұйғарым беріліп, 18,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.
Оларға 814,6 млн теңге төленді.