13 ақп, 2022 сағат 17:34

Қазақстандық Галина Вишневская Олимпиаданы 52-орынмен аяқтады


Бүгін Бейжің Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында із кесу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған додада қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко қатысып, жалпы есепте Олимпиада ойындарын 52-орынмен аяқтады. 

Бқл жарыста бас жүлдені норвегиялық Марте Олсби-Ройзеланд жеңіп алса, күміс жүлдені швециялық Эльвира Оэберг қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті тағы бір норвегиялық биатлоншы Тирил Экхофф өз еншісіне жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Галина Вишневская 7-ақпан күні биатлоннан жекелей жарысты 44-ші орынмен аяқтап, нәтижесінің арқасында із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына енген болатын.

Бұл - отандасымыздың Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы.