«Цветок пустыни» фильмінің қазақстандық үлгісін «Келін» деп аталмасын десек, сәл ойланайық...
The Village сайтына шыққан «К феминисткам у нас относятся хуже, чем к ворам и насильникам» атты мақаланы оқып шықтым. Бұл еліміздегі “белсенді” қыз-келіншектердің және ЛГБТ аббревиатурасы мен ондағы әрбіреуінің ұстанымын жат көрмейтін барлық “еркін һәм саналы” тұлғалардың «ұят» туралы ойы екен. Одан бөлек елімізде Гүлзада Сержан есімді азаматтың бастамасымен «Феминита» адам құқығын (феминистерді) қорғау ұйымы да бар-мыс. Ал жақында елімізде «Ұят емес» арнайы жобасы іске қосылды және қорлық көріп жүрген адамдардың өмірі туралы The Village сайты ақпарат беріп отырамыз деп көрсетіпті.
Гүлзада Сержан ханымның берген сұқбатына үңілсек түйіні мынау: ол феминист адам және оған «ұят» деп бәріне шектеу қою ұнамайды. Бұл - адамның құқын таптау деген сөз. Гүлзада ханым - лесбиянка (өз сөзі). Кезінде газет-журналдың өзіне шығатын сөздер сұрыпталып, ұятты болса басқаша жазуға тырысып жанамалап көрген. Ал қазір тікелей жазбасақ оны түсінбей қалатын ұрпақ өсіп келеді. Әрі қарай ойын жалғастырған Гүлзада ханымың сөзді адам миына әсер ететіндей пайдаланғаны таң қалдырды: « я – лесбиянка, казахская женщина, вышла на несанкционированный митинг 21 мая 2017 года с другими лесбиянкамми-казашками» дейді. Айтуынша еркектер сөз де бар істе жоқ болып шыққан. Дәл осы мәтін бұл адамды тек ақтап алу емес, оның құқын тікелей қорғауға бағыттайды. Еуропалық идеологияның ағашына өскен жемістің түбіне емес, алысқа да түскені өкінішті.
«Не нужно придумывать сказочный образ казахской девушки, напичканной ұятом некоторых мужчин», деп ойын түйіндеген.
Жалпы жазсақ, жіпке тізгендей өріп шығуға болады. Мәселе онда емес. Мәселе мынада:
Қазақстан – ислам дінін ұстанатын, зайырлы, ұлты бар, дәстүр мен ғұрыпты сақтаған мемлекет. Бір елдің тарихына таңбаланған мәдениетін, салтын сызып тастап, ойыңа келгенді жасауға да болмайды. «Цветок пустыни» фильміндегі Африкалық қыздың тағдырын бастап кешіп жатсыздар ма? Иран, Ирак секілді елдегідей тұмшаланып жүрсіздер ме? Қазақстан да діни көзқарасқа салар болса, көп нәрсеге тиым салар еді, бірақ өркендеу үшін барынша еркіндік берілді. Қыз – ұлттың айнасы. Мен айтқан жоқпын, көзі көрген, көкірегі ояу азаматтар айтып-ақ кеткен.
«Ұят емес» арнайы жобасының көздеп отырғаны адам құқығы. Біздің ел адам құқын бұзушы ретінде көрініс тапты. Яғни «Ұят болады» деп оның әуретті жерін жауып тастадық, көшеге түнде шығуына рұқсат бермедік, қызымызды шай мен үй жұмысына байлап тастадық. Қазақтың дәстүрінің кереметі сондай, ол дінмен бірге астасып жатқан үлкен ілім. Айтып келеміз, жазып келеміз: қазақты тәрбиелеген үш-ақ ауыз сөз деп. «Ұят болады», «Обал болады», «Жаман болады». Осы үш сөзден қандай құлдық сананың суретін көруге болады?!
Уят — это продолжение принципов табу для того, чтобы накладывать запреты на какие-то действия, вплоть до смертельного греха. В прошлом это имело смысл. Сейчас — нет. Носить короткую юбку — не уят, как и стричь волосы, иметь собственное мнение, отказываться от деторождения, иметь возможность работать на любимой работе или зарабатывать хорошие деньги — не уят. Во всем прогрессивном мире женщина является полноправным гражданином общества: может распоряжаться жизнью и телом», - дейді.
Мен қазір қыздармен сөйлесем. Кейде қорқам. Себебі олардың айтуынша бала туу өте ауыр нәрсе екен және тууға ниетті емес. Асырап ала салу оңай. Әйел затының бала тууы - табиғи құбылыс. Ешкім сені зорламайды. Тек махаббатың жемісі, Тәңірдің бергені. Менің түсінгенімде, «Ұят емес» арнайы жобасының астарында шынымен-ақ тексіздендіру, ұлтсыздандыру проблемасы жатыр. Әйеліңіз «менің бала туғым келмейді, менің оған құқым бар» деп баж ете қалса, таң қалмаңыз.
Біз қазір Сириядағы жағдайды, діни ахуалды алға тартып, халықаралық деңгейде террорлық түсінік ретінде бағалап, күресіп жатырмыз. Біздің елдегі ерлердің жаппай сақал қойып, қысқа балақ кигенін тренд қылып жібердік. Тіпті көз ашпаймыз. Еуропа мәдениетін айтып мақтанып, еркіндікке ұмтылу керектігін жаппай насихаттап жатырмыз. Жөн. Бірақ «Ұят емес» жобасы бір нәрсеге көзімді жеткізді. Әлемде болып жатқан діни ахуал да, бұл феминистік ағым да - саясат. Біреуі ашық жүріп жатыр, біреуі көзге көрінбей ішнара еніп жатыр. Ең қорқыныштысы - осы. Себебі өздерін ақтайтын және қорғайтын халықаралық деңгейде «адам құқығын қорғау» ұйымы бар. Олардың қалауы кез келген адамның таңдауға құқылы екені: ол ер мен әйел ме маңызды емес. Еркек еркекті сүйіп қалса, онда тұрған әбестік жоқ, ол - махаббат. Міне, азғындық.
Соңғы кезде әлеуметтік желіде тарап кеткен қазақ қыздарының қоғамдық ортада сүйісуі, жігіттердің бір-біріне сезім білдіру жағдайы қалыпты құбылыс емес. Себебі ғасырлар бойы өзі түгілі гені, қаны бұзылмаған ұлттың арандауына белгілі бір идеология әсер етіп отыр.
Қазақ қызы, әйелі үшін феминистік көзқарастың жақындығы жоқ. Қала берді қазір өздерінің құқын талап етіп жүрген ЛГБТ мен Феминизм арасы жер мен көктей.
Бізге бір нәрсені жақсылап ажыратып және түсініп алу керек. Біз мемлекет ретінде зайырлымыз. Біз халық ретінде “қазақ” деген ұлттық статусы бар елміз. Біз ата-баба дәстүрін жалғаушы, дәстүршіл қоғамбыз. Бірақ біздің дәстүр аспаннан түскен жоқ. Ислам негіздерінен нәр ала отырып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қарай қалыптасқан.
Қазақ үшін «ұят» деген сөздің орны бөлек. Бұл сізді жамандықтан тиып қана қоймайды, алдын алады, сақтайды. Көшпенді елдің ұрпағы ешқашан әйел затын төмен түсірмеген, төрден орын берген. Аялаған. Себебі қандай қыз болмасын, ертең - ана. Пайғамбарлардың өзі сол анадан туған. Ендеше, оларға деген құрмет пен ілтипат ерек. Ал «Ұят емес» жобасының түсіндіруі бойынша, бізде әйелдер, керісінше күн көре алмай, жарыққа шыға алмай жүрген «вампир» секілді күнелтіп жүрген бәзбіреулер. Кезінде апаларым, аналарым күйеуінен өзінің қателігі үшін таяқ жесе де, сөз естісе де он баланы дүниеге әкелген. Сіз ше бұл жерде романтика жоқ па? Романтиканың сақтап тұрған сол ананың көкейіндегі «ұят болады», «сабыр», «бәрі Алланың қалауымен» деп өмір сүріп, 90 жасты алқымдап келіп көз жұмғанын неге ұмытып кетеміз.
«Ұят» деген сөздің астарында екі нәрсе бар: тектілік пен тәрбие. Қазақтың ең жаман қарғысы: «тексіз», «жетесіз», «тәрбиесіз». Ал енді осы сөздің ғылыми мәні жоқ деп айтып көріңіз. Себебі үш әріп бір сөзбен қаныңды таза сақтап отыр.
Білімді мақсат етіп оны сұраудан, жөн білуден ұялу мүлде басқа мәселе. Ашық көтеріліп отырған «Ұят емес» жобасының сіріңке секілді жанып, өшіп қалары мүмкін. Бірақ бір қорап ішінде қаншасы жатқанын кім білсін. Бір жанып, бір өше берген сайын ұрпақтың арасына жік түседі, қан бұзылады. Ал бұл операция бір халықты аздырып жіберуге жеткілікті «атом» бомбасы секілді.
Түйіндей келген кезде, «өлімнен ұят күшті» деген «Жеті жарғы» ішіндегі астарлы мәні бар заңдардың біріндей болған дәстүршілдік пен тәрбие ұғымдарының бейнесі сақталуы керек деп ойлаймыз. Ұят туралы мен емес ақын, Жұбан Молдағалиевтің өзі былай дейді:
- Ол ұят, - деді сол қазақ қарт, - Өлсең де ожданнан безінбе! Жас жігіт күлді оны мазақтап: - Ұятың нан болса, езіп же! - Жеп келем, жеп келем туғалы! Адам боп жүргенім сондықтан, - Деп қария тепсініп тулады, Әттең тек жігіт жоқ оны ұққан. - Мен емес ұят деп өлетін, - Деді сол айтысты тұжырып. Қарт та жоқ оп-оңай көнетін, Жыққандай сөзі оны жүз ұрып. - Сен де бір өліксің, ендеше, Тірі боп жүрсең де санақта. Адам ол өледі мен десе, Ұяттан айырылған сағатта... Бұл сөзді естідім атүсті, Білмеймін сыры не, кім олар? Қарт неге айтысқа қатысты? Жігітте қаншама кінә бар? Әйтеуір шал сөзі жөн еді, Ақ атта дегені ағат па? Иә, адам тірідей өледі, Ұяттан айырылған сағатта!
Марғұлан Ақан