© elements.envato.com
Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге төлем карталарын беру ережелерін күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, енді банктер төлем картасын алу үшін келушілерден төлқұжат, қазақстандық ЖСН, көші-қон картасы мен виза сұрайды. Сондай-ақ, клиенттің ұялы телефон нөмірі жергілікті болуы да маңызды. Тіпті кейбір банктер ресейліктерден жұмыс орнынан анықтама, елде тұруға рұқсаты бар-жоғын сұрай бастаған.