Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде аз өзгерістер болған жоқ. Мәселен, президент сайлауын алты рет өткіздік. Сөйтіп 30 жылда екі президент ел болашағы үшін ант берді. Атап айтқанда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев болса, екіншңсң екі жылдан бері елді басқарып отырған бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ұлт» порталы еліміздегі партиялық жүйені талдап көрмек.
Партиялық жүйе дегенде, ең алдымен еліміздің бас партиясы «Нұр Отан» ойға оралады. Бұл мүшелік саны жағынан да, биліктік басқару орындарындағы өкілдері жағынан да бірінші орында тұрған партия. Осы орайда жалпы «Қазақстанда қазір қанша партия бар? Қазақстандағы партиялық жүйе мен парламенттегі көп партиялылық жүйенің дамуы қай деңгейде?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Тәуелсіз мемлекеттің демократиялылығын дәлелдейтін негізгі элементтің бірі көп ратиялық екені белгілі. Естеріңізде болған 2012 жылғы сайлаудан кейін Қазақстан Парламенті көп партиялы парламентке айналды. Сол жылғы Мәжілістің бесінші шақырылымын анықтайтын сайлауға 7 саяси партия қатысқан болатын. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы, «Адал» партиясы, «Ақжол» партиясы, «Халық» партиясы, Жалпыұлттық Социал Демократиялық партиясы.
Парламентке үш саяси партия: «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстанның халық партиясы» (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті. Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша: «Нұр Отан» - 71,09 пайыз, «Ақ жол» - 10,95 пайыз, Қазақстанның халық партиясы - 9,1 пайыз, «Ауыл» - 5,29 пайыз. ADAL - 3,57 пайыз дауыс алған. Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтті.
Міне, осылайша Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партиялар жоғарыда аталған партиялар екенінен хабардармыз. Ал енді тіркелген партиялардың құрылу кезеңіне тоқталсақ:
«Нұр Отан» партиясының негізі 1999 жылы қаланған. Әуелде «Отан» партиясы болып құрылған еді. 2006 жылы сьез өтіп, партияның атауы «Нұр Отан» болып өзгерді. Партияның төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев.
«Ақ жол» партиясы 2002 жылы құрылған. 260 мыңға жуық, ОСК мәліметінше 180 мыңға жуық мүшесі бар. Мәжілістегі 107 орынның 7-еуі осы партияның өкілдеріне тиесілі. Ақ жол – либералдар партиясы саналады.
Қазақстанның халық партиясы алғашқыда Коммунистер партиясы атауымен 2004 жылы құрылған. Дәлірек айтсақ, сол кезде ресми тіркеуден өтіп, саяси процесстерге араласа бастады. Кей мәліметсе сүйенсек, 100 мыңнан астам мүшесі бар. Мәжілістегі 107 орынның 7-еуі коммунистерге тиесілі.
Ал «Ауыл» партиясы 2002 жылы тіркеуден өткен. Оның төрағасы Әли Бектаев қазір Сенат депутаты. 2007 жылы Мәжіліс сайлауына қатысқанымен, 2011 жылғы президенттік сайлауға бұл партия үміткер шығарған жоқ.
2015 жылы «Ауыл» партиясы мен Қазақстанның патриоттар партиясы бірікті. Бұл социал-демократтық бағытты ұстынатын партия.
«Адал» партиясы алғашқыда «Бірлік» атауымен 2013 жылы тіркеуден өткен. 2016 жылы Мәжіліс сайлауына қатысқан. 0,29 пайыз дауыс жинап, Парламентке өткен жоқ. Бұл экосоциализм бағытын ұстанатын партия. 2021 жылғы сайлауда «Адал» атты жаңа атауымен сайлауға қатысты.
Еліміздің көп партиялы жүйесінде ресми тіркелген бұл партиялардан бөлек, бұрын тіркеуде болып, кейін таратлыған партиялар да бар. Олар: Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның азаматтық қоғам партиясы, «Қазақстанның халық конгрессі» партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, Қазақстанның халықтық-республикалық партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанынң социалистік партиясы.
Айта кетейік, Қазақстанның көп партиялы Парламенті қос палатадан тұрады: төменгі палата – Мәжіліс, жоғарғы палата – Сенат. Бүгінгі таңда Қазақстан Парламенті тек заң шығарушы орган ғана емес, елдегі кадрлық саясатқа тікелей араласып отырған саяси интститутқа айналды. Президент премьер-министрді, Ұлттық банк төрағасын, бас прокурор мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын парламенттің келісім беруімен тағайындайды, Жоғарғы сот төрағасы мен судьялары, басқа да лауазымды тұлғалар депутаттардың келісімімен сайланып, қызметтерінен босатылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде аза өзгерістер болған жоқ. Мәселен, президент сайлауын алты рет өткіздік. Сөйтіп 30 жылда екі президент ел болашағы үшін ант берді. Атап айтқанда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев болса, екіншңсң екі жылдан бері елді басқарып отырған бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ұлт» порталы еліміздегі партиялық жүйені талдап көрген болатын.