Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға болатын сынақ мерзімін жойғымыз келеді. Осы норманы қарастырып, ұсынып, қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына да оң әсер етеді деп ойлаймын", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, министрлік Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуге бастамашылық етіп жатыр.