Өткен айда Қазақстанда жұмыс іздеген заңгерлер мен қаржыгерлер көп болды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қыркүйек айында біліктілікті талап ететін кәсіптер арасында заңгерлер (331 бос орынға қарсы 790 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (1,3 мың түйіндеме және 965 бос орын), сондай-ақ қаржыгерлер (238 түйіндеме және 24 бос орын) артық болды. Біліктілікті талап етпейтін арасында вахтерлер мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар арасында жұмыс орындары үшін жоғары бәсекелестік байқалады», - делінген орталық мәліметінде.
Жұмыс берушілерді қарастыратын болсақ, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да қызметтер саласындағы, сондай-ақ статистика және әлеуметтану саласындағы кәсіпорындар Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарының ең көп санын жариялады.
Өңірлер бөлінісінде білім беру саласындағы кәсіпорындар Алматы (3,6 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (2,7 мың), Қарағанды (2,3 мың) облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында (2,3 мың) жоғары сұранысқа ие болды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан (3,5 мың), Алматы (2,3 мың) және Жамбыл (1,6 мың) облыстарында бос орындардың көбірек санын орналастырды.