Қазақстанда жеңіл көліктерді жалға алу көлемі 61 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Finprom.kz мәліметінше, жалға алу, жалға беру және лизинг бойынша қызметтердің көлемі төмендеп келеді. Көптеген дылдан бері алғаш рет көрсеткіш 16 пайыз минусқа кеткен. Дегенмен, жеңіл автомобильдерді жалға алудағы қызмет көлемі бірден 63 пайызға артып отыр.
2021 жылдың қаңтар-маусымында жалға алу, жалға беру және лизинг қызметтерінің көлемі 254,4 млрд теңгені құрады. Барлық қызметтердің төрттен үші 3 өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан (96,2 млрд теңге), Атырау облысы (51 млрд теңге) және Алматы қаласы (44,8 млрд теңге). Қызметтің ауқымды көлемі Маңғыстау (15,9 млрд теңге), Батыс Қазақстан (11,2млрд теңге) және Қарағанды облыстарында да (9,8 млрд теңге) байқалады. Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген, небәрі 250,2 млн теңге ғана.
Қызмет құрылымында жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алу көлемі айтарлықтай жоғары. Есепті кезеңде ол 52,1 млрд теңгені құрап, жыл ішінде 61,4 пайызға артып отыр. Одан кейінгі орында жүк көліктерін (26 млрд теңге), құрылыс машиналары мен жабдықтарын (14,8 млрд теңге) алу тұр. Ал секторлағы қызметтердің мардымсыз көлемі әуе көлік құралдары лизингіне тиесілі. Небәрі 97 мың теңге ғана. Сонымен қатар видео кассеталар мен дисктерді жалға беру 2,7 млн теңгені, ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер үшін компьютерлер мен сыртқы жабдықтар лилингі 4,9 млн теңгені құрады.