08 жел, 2021 сағат 15:05

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды


Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің №867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған.

Ұлттық парк ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр.

Ол Қарағанды өңірінде орналасатын болады. Аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

«Парк құрудың мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.