Әлемдегі автомобиль нарығы күрделі қиындықтарды бастан кешіп отыр. Қазіргі кезде жартылай өткізгіштер тапшылығы салдарынан жаңа жеңіл автокөліктерді сату өсімінің қарқыны күрт баялап, 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда небәрі 17,7 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша жылдық өсім 29,4 пайыз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Сату көрсеткішінің төмендеуі Қазақстан нарығына да келген: қыркүйек айында елдің дилерлері 10,5 мың жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техниканы сатқан, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен небәрі 3,3 пайыз көп. Қазақстанда әзірге тек сатылым өсімі баяуласа, әлемде көлік сату көрсектішінің күрделі төмендеуі атап өтілуде. Осылайша, қыркүйекте жаңа автомобильдерді сату көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бірден 20,3 пайызға қысқарған.
Автомобиль өндірісіне қажетті жартылай өткізгіштер тапшылығынан басқа, бүкіл әлемде жаңа көліктер сатылымының азаюына бірқатар факторлар әсер етуде, бұл логистикалық проблемалар, Ұлыбритания мен Қытайдағы энергетикалық дағдарыс, шикізат бағасының өсуі.