сурет ашық дереккөзден алынды
KMF және Solva микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банкке айналуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бізде екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдірген екі үлкен микроқаржы ұйымы бар. Бұл KMF және Solva. Олардың портфелі мен капитал деңгейі банк ретінде құрылу үшін жеткілікті", - деді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, агенттік жаңа банктерді ашуға қойылатын талаптарды жеңілдету үшін банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлеген.
"Осы түзетулер қабылданған соң, екінші деңгейлі банк ашуға ниет білдірушілер көбейеді деген үміттеміз", - деді агенттік төрағасы.