Қазақстанда биыл бірінші тоқсанда жаңа автокөліктер сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан.
Елде сәуір айында жаңа көліктер сатылымы 8,9 пайызға азайған. Жалпы саны 9 212 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатылды.
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметінше, соңғы уақытта көлік импорттаушылары тарапынан бәсеңдік байқалады. Соған қарамастан алғашқы төрт айдың сату көрсеткіші - 31 582 көлік. Бұл - өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға төмен.
Үш ай үзілістен соң сатылым көрсеткіші бойынша үздік бренд бестігін Chevrolet бастап тұр - 3004 дана (өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда +13,3%). Екінші орында Hyundai – 1 802 автокөлік (- 21,7%), үшінші орында Кiа – 968 дана (+27,2%).
Toyota бренді 3 950 дана (-23%) автокөлік сатып, төртінші орыннан көрінсе, үздік бестікті Lada аяқтап тұр – 798 дана (+98%) .
2022 жылдың сәуір айында ең көп сатылған автокөліктер:
Chevrolet Cobalt – 2111 дана;
Hyundai Elantra – 468 дана;
Kia Sorento – 442 дана;
Chevrolet Nexia – 418 дана;
Hyundai Sonata – 376 дана;
Toyota Camry – 349 дана;
Lada Granta – 329 дана;
Hyundai Accent – 275 дана;
Kia Rio – 232 дана;
Hyundai Santa Fe – 195 дана.