Тиісті Қаулы 2018 жылғы 26 шілдеде Берік Имашевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы», «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және Астана қаласында Байқоңыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы Қаулы қабылдады.
Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу ережелері, Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану жөніндегі Қаулылар қабылданды.