Қазақстанда 2020 жылы жалған ақшалар көлемі 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%», - деді Ұлттық банк өкілі.
Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды – 554 немесе 67,3%7.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау, мүлкін тәркілеумен немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуымен жазаланады.