Фото: elements.envato.com
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қашан қарастыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Адамды зейнетке шығарар алдында оның зейнетақы деңгейін есептеу керек. Кеңесу керек. Адам зейнетке ертерек шықса, зейнетақысы да аз болуы мүмкін. Сондықтан кеңесіп, талқылау керек. Жыл соңына дейін талқылаймыз", - деді Тоғжанов журналистердің сұрағына жауапта.
Бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.