Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын тегін салуға неге рұқсат етілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін Тоғжанов Қазақстанда 10 миллионнан аса адам вакцина алғанын айтты. Бұл вакцина салдырғандардың 80 пайызы және бүкіл халықтың шамамен 52 пайызы болады.
"Алғашында көптеген өтініш түсті. Бұл мәселеге кезең-кезеңмен келдік. Біріншіден, бұл қоғамның арнайы тобына (Pfizer вакцинасын салу. - ескерт.) жүргізілді. Олар - шетелге шығатын көпбалалы аналар. Оларға рұқсат бердік. Сонымен қатар, 60 жастан, содан кейін 50 жастан асқандарға біртіндеп рұқсат бердік.
Қазақстанда ұжымдық иммунитет толық қалыптасты. Осыған орай, болашақта ұжымдық иммунитетті сақтау үшін қосымша Pfizer салу туралы өтініштерді ескеріп, азаматтарымызға мүмкіндік беруді шештік", - деді Тоғжанов журналистердің сұрақтарына жауап беріп.