Ол қорытынды кезеңде ауыл шаруашылығы кооперативтерін енгізу арқылы ет, сүт өнімдерін қайта өңдеу және қосымша жұмыс орындарын құру жобасын қорғады.
Байқау жеңімпазына "Үздік ауыл әкімі" мүсіншесі беріледі.
Екінші орынды Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев пен Түркістан облысы Төле би ауданының Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Әбдіқадір Сікімбаев иеленді.
Үшінші орынға Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі Меруерт Мадағұлова мен Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев ие болды.
"Сонымен қатар, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нұржан Сейітов - "Үздік шаруашыл әкім", Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу ауылының әкімі Марат Смағұлов - "Ашық әкім", Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов - "Үздік әлеуметтік жоба" номинациясын иеленді" - деді Ерхан Тәткен.
"Үздік ауыл әкімі" байқауының мақсаты - ауылдық жерлерді дамытуға елеулі үлес қосатын, сонымен қатар, белсенді жұмыс жасайтын, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау, қолдау.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл байқауды "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында екінші рет ұйымдастырып отыр.
Қазақстанның 100-ден астам ауылдық округінің әкімі қатысуға өтінім берді. Түркістан облысынан - 21, Батыс Қазақстаннан - 15 және Жамбыл облысынан 14 әкім өтінім беріп, олар ең белсенді деп танылды.