Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Былтыр Қазақстанда 665 ардагер болған", - деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар. Оның ішінде:
- қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
- қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
- тылда еңбек еткендер - 69 248.