14 қар, 2025 сағат 15:22

Қазақстанда ту өртеген 12 адам қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда ту өртеген 12 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында полиция шет мемлекеттік туды және мемлекет басшысының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың топтасқан санкцияланбаған жиналысын тоқтатқан.

"Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.


Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.