12 там, 2025 сағат 11:58

Қазақстанда терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар сот үкімдері шықты

Фото: Pexels.com

2025 жылдың шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) материалдары бойынша 7 қазақстандық азамат террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқан жергілікті тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол бұған дейін шет мемлекет аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтің көмегімен Қазақстанға депортацияланған.

Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеология жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға сотталды.

Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенген 5 азаматқа 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҰҚК терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.