31 қаз, 2019 сағат 09:09

Қазақстанда Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды

Сыртқы істер министрлігінің жанынан Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

 «Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі. Директорлар кеңесін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев басқарды», - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау болып табылады.