© AFP 2022 / STR
Қазақстанда стелс-омикрон штамы жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап.
"Қазір Қытайда және басқа көрші елдерде айналымда жүрген стелс-омикрон штамы бізде тіркелмеген", - деді Байтанаев мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.
Қазақстанда қазір коронавирустың омикрон штамы басым, сондай-ақ дельта штамы мен Ухань штамы анықталып жатыр.
Комитет өкілінің айтуынша, елде стелс-омикрон штамы пайда болса, одан тек вакцинация және ревакцинация арқылы ғана қорғануға болады.
Айта кетері, стелс-омикрон қазір COVID-19 инфекциясының ең жұқпалы түрі саналады.
Жаңа штамға байланысты Қытайдың Шанхай қаласында белгісіз мерзімге дейін толық локдаун енгізілді – адамдарға үйден шығуға тыйым салынған, ал қалаға коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізу үшін мыңдаған медицина қызметкері жіберілді.