Елімізде ресейлік көліктерді тіркеу ережесі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресейлік автомобильді тіркеу үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Ол жерден құжаттар тізімін алып, көлікті тіркеу ережесіне сай, тиісті құжаттарды әзірлеп ХҚО-на тапсыруы керек. Ереже барлық көлікке ортақ, яғни қазақстандық көлік болсын, ресейлік болсын - тіркеу ережесі бәріне бірдей. Көлікті тіркеу - барлық елде бар процесс, егер Қазақстан азаматы шетелде тұрса, ол елде көлігін тіркеуі тиіс. Ал Ресейден көлік әкелушілердің дені тіркеу ережесін сақтамай отыр. Ондай жағдайда көлікті жүргізуге тыйым салынып, автомобиль айыппұл тұрағына қойылады», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елімізде көлікті тіркеу процесі бар-жоғы 2 сағат уақыт алады. Және ешқандай қағазбастылық жоқ.