Фото: pixabay.com
Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Нәтижесінде 4 құқықбұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.
Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн ескертті.