Қазақстанда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа тәсілдері әзірленді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық қаму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Вице-министр Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң жобасын таныстыра келе депутаттармен бірге өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру бойынша жаңа тәсілдер пысықталғанын айтты.
«Сонымен, заң жобасында бұл бағытта мынадай тәсілдер ұсынылады: орта және жоғары бөліністерге назар аудару. Оның аясында қосылған құны жоғары тауарлардың басымдығы құрылатын болады. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасасу арқылы ынталандыру шараларының құрамдастырылған пакетін алу мүмкіндігі туындайды. Өнеркәсіптік грантты, аумақтық кластерлерді дамыту мен экспорттық-саудалық қаржыландыруды қамтитын ынталандырудың жаңа құралдары пайда болады. Қарсы міндеттемелер аясында ынталандыруға ие болған кәсіпорындар белгілі бір экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізетін болады», - деді вице-министр
Оның атап өтуінше, бұған дейін үкіметтік редакцияда тек қолдау шараларын алушылардың қарсы міндеттемелері көзделсе, Мәжіліс депутаттарының редакциясынан кейін осы бапта қолдау шараларын ұсыну жөніндегі мемлекеттің міндеттемелері көрсетілген.
«Депутаттар тобының түзетулерінің арқасында біз өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүйелендірдік. «Өнеркәсіпті ынталандыру шаралары» тарауында тек тікелей қаржылық ынталандыру шаралары қалды. Ал, ынталандырудың сервистік шаралары заң жобасының тиісті тарауларында көрсетілген. Кепілдендірілген тапсырыс, ынталандыру бойынша ішкі нарықта сервистік қолдау және отандық өңделген тауарларды экспортқа шығару бойынша сервистік қолдау шаралары өткізу нарықтарындағы жылжыту бөліміне, кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету және шетелдік инвестицияларды тарту нормалары өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бөліміне ауыстырылды», - деді Ержан Аманиязов.