18 мау, 2020 сағат 18:15

Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті ме?

Қажеттілік туындаған жағдайда елімізге өкпені жасанды желдету аппараттары қосымша сатып алынатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің стационарларында өкпені жасанды желдетуге арналған 3 200-ден астам аппарат бар. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімшелеріне аталған аппаратқа қажеттілік туындаған жағдайда олар қосымша қамтамасыз етілетін болады. Дегенмен бүгінгі күні инфекциялық стационарлардың бөлімшелеріндегі өкпені жасанды желдету аппараттардың тек үштен бірі ғана жағдайы өте ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін қолданылып жатыр», - деді Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Сонымен қатар ол қажеттілік туындайтын жағдай болса, бұл мәселенің оң шешілетіндігін айтты.