Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен нотариат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойды. Нотариат саласындағы негізгі жаңалықтарға қысқаша тоқталып өтпекпін. Келесі жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар А. Әмірғалиев биылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық тәртіп енгізілетінін айтты.
«Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша күәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады. Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол бірегей болып саналады және құжатты бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді», - деді ол.