Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа реформа туралы хабарламалар таратуда. Онда әр балаға 60 000 теңгежен жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, тиісінше, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бұл - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.
Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ.
Аталған идеялардың авторы - қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда өзінің Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан.
Алайда, таратылып жатқан хабарламада бұл нақтылаулар жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Ол мұндай реформалар туралы айтқан жоқ.