Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады», - делінген хабарламада.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқанын еске салды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлаймыз. Аталмыш вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей. Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей», - деп хабарлайды компаниядан.