05 сәу, 2022 сағат 12:00

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендейді

Фото ©REUTERS

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді.

"2 миллион баррельге аздап төмендейді. Барлығы - 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр", - деп түсіндірді министр Үкімет отырысы аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.