20 қыр, 2021 сағат 15:45

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жаңа лауазым пайда болуы мүмкін


Қазақстанда жаңа лауазым - "дата стюарт" енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство "Ашық НҚА" сайтына "Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы президент жарлығына толықтырулар жобасын жариялады.

"Жарлық жобасы бойынша, В, С, D санаттары тобын "дата-стюард"лауазымымен толықтыру бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымы тізіліміне толықтыру енгізіледі", - делінген жарлыққа өзгерістер жобасы құжатында.

Сондай-ақ, жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейтіні көрсетілген.

Президент жарлығы жобасы Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың 2021 жылғы 27 шілдедегі "дата-стюард" ұғымын және оның қызмет тәртібін заңнамада қарастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.