2021 жылғы маусым айында экономикалық жекелеген сегменттеріндегі бағалар өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, азық-түлік тауарлары бағасы өсті. Мамыр айымен салыстырған бір пайызға жоғарлады. Яғни 9,3%- дан 10,6%-ға дейін. Көкөністер 7,9%-дан 30,6%-ға дейін өсті, атап айтқанда ұзақ сақталатын көкөністерге (картоп, сәбіз, қызылша) бағаның күрт өсуі жеделдетуге негізгі үлес қосты.
Бұл тауарлардың айлық қарқыны соңғы жылдардағы рекордтық мәндерді көрсетті. Сонымен қатар, өндірушілер бағасының өсуі және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағаның жоғары өсуін сақтау аясында өсімдік майы мен қанттың қымбаттауы жалғасты.
«Азық-түлік емес тауарларға жылдық инфляция маусым айында 6,9%-ға дейін (2021 жылғы мамырда – 6,7%) жеделдеді. Жеделдетудің негізгі факторы бензин, сондай-ақ ұзақ мерзімді тауарлардың (киім, автокөобильдер, жиһаз және тұрмыстық техника) қымбаттауы болды. Бензиннің қымбаттауы өндірушілер бағасының өсуі нәтижесінде жалғасты. Киім мен аяқ киім бағасының өсуінің жеделдеуі сұраныстың біртіндеп қалпына келуі және импорттың біршама қымбаттауы аясында байқалды», - деп атап өтті банктен.